Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Дариға-ай» жастар театры

ТЕАТР ТАРИХЫНАН МӘЛІМЕТ

«Дариға-ай» жастар театры профессор Дариға Тұранқұлқызы және белгілі қоғам қайраткері, Абайтанушы, ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері Т.Ибрагимовтардың бастамасымен 1999 жылы қараша айының 14 жұлдызында тұңғыш рет Семейде  «Дариға-ай» жастар театры» ЖШС болып ашылды. Сонымен қатар театрдың ірге тасын қалауға профессор М.С. Омарбаева, аға оқытушы М.А. Алепарова және театрдың режиссеры һәм көркемдік жетекшісі болған А.Айтибаев сынды азаматтарды ерекше атап өтуге болады.

2001 жылы 2 ақпан күні қала әкімінің №56 бұйрығына сәйкес Семей қалалық мәдениет басқармасының «Дариға-ай» жастар театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып бекітілді.

2005 жылдың 1 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің № 348 қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Дариға-ай» Семей жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2007 жылғы 16 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің № 318 қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Дариға-ай» Семей жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2013 жылғы  11 қазанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазанындағы № 288 қаулысы бойынша «Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

ТЕАТРДЫҢ РЕСМИ АТАУЫ

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Дариға-ай» жастар театры.

_____________________________________

Заңды мекен-жайы: 071400, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абай алаңы
Телефон: 8 (7222) 560632
Факс: 8 (7222) 560625
E-mail: dariga-ai@mail.ru

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ «ДАРИҒА-АЙ» ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ РЕПЕРТУАРЫ:

р\с

Репертуар
1  Д.Исабеков «ӘПКЕ» – драма
2  М.Хасенов «ПАЙ, ПАЙ ЖАС ЖҰБАЙЛАР-АЙ» – комедия
3  К.Тоқаев «СОЛДАТ КЕТТІ СОҒЫСҚА» – драма
4  Ш.Айтматов «АҚ КЕМЕ» – драма
5  М. Рахимжанов - «Әміре  - аяқталмаған ән» трагедиясы
6  Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» психологиялық драма
7  Р.Куни «№99» комедиясы
8  Д.Исабеков «ЕСЕПШОТ, ДОМИНО ЖӘНЕ ТҮЙЕТАУЫҚ» комедиясы
9  У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - трагедия
10  А.Айтибаев «ЫЗҒАРЛЫ ЖЕЛТОҚСАН» – композиция – реквием
11  М.Шаханов «ТАНАКӨЗ» – трагедия, поэтикалық қойылым
12  М.Мақатаев «ДАРИҒА ЖҮРЕК» – поэма, поэтикалық қойылым
13  Киплинг – «Маугли» ертегісі
14  Р. Ибраева – «Бәйтерек» ертегісі


Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК