Аптеева Назира Төлеубайқызы

Аптеева Назира Төлеубайқызы
Аптеева Н.

1997 жылы облыстық қыздар гимназиясын бітіріп, М.Төлебаев атындағы Семей саз колледжінің «Сөз сөйлеу жанры» мамандығы бойынша  профессорлар Д.Тұранқұлқызы, М.С.Омарбаевалардан дәріс алды.Кәсіби шеберлігі жоғары, тіл мәдениеті бай, ізденгіш, белсенді актрисаның бірі. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады.

2001 жылы М.Төлебаев атындағы саз колледжін «Театр өнері» бөлімін қызыл дипломмен бітіріп «Дариға-ай» жастар театрына актриса болып қабылданды.

2003 жылы Республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз шеберлері байқауының лауреаты атанды.

2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Ең үздік әйел ролі» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды. 

Сахнада ойнаған негізгі рольдері:

Д.Исабеков «Әпке» - Назилә

М.Шаханов «Танакөз» - Зерегүлдің шешесі

М.Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Бану

Г.Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Эрита

Д.Исабеков «Есепшот, домино және түйетауық» - Қаршыға

Р.Куни «№99» - қонақүй қызметшісі

Ш.Айтматов «Ақ кеме» - Бұғы ана

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Леди Капулетти

Р.Киплинг «Маугли» - қасқыр

М.Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - коммунист

Сонымен қатар Шәкәрім, Абай, Мұқағали, М.Шаханов поэзияларында түйдек-түйдек терең философиялық ой иірімдерін поэзия тілімен аша білді.

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 

Актрисаның социалдық героинялардан бастап трагедиялық үлкен образдарға баруы интеллектуалдық білімімен байқалады. Өз ісіне жауапкершілігі мол, қоғамдық жұмысқа белсене араласады және Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшесі.

Театрдың көркемдік жетекшісі                                        Д.Ш. Төлеубаев

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК