Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы

Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы
Қасымбеков Е.

Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы 1985 жылы 13 желтоқсанда Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Абай ауданы, Медеу орта мектебін бітірген.

2003 жылы Семейдің М.Төлебаев атындағы саз колледжінің режиссура факультетіне түсіп, 2006 жылы осы оқу орнын бітіріп шықты.

2006 жылы «Дариға-ай» жастар театрына актер болып қабылданды.

Театрға келгеннен бастап, Елдос өзінің алғырлығымен, еңбекқорлығымен бірден көзге түсті.

Мінезі салмақты, ұжымда абыройлы және театрдағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Спектакльдер мен қойылымдардағы өзіне жүктелген рольдері өзінің кәсіби шеберлігімен алып шықты.

Атап айтқанда:

Ж.Б.Мольер «Сараң» - Жак

Г.Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - түрмеші

«Наурыз думан» - Алтын адам

Д.Исабеков «Әпке» - Тимур

Ш.Айтматов «Ақ кеме» - Сейдахмет

К.Тоқаев «Солдат кетті соғысқа» - Фаткулин

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Тибальт

Р.Ибраева «Бәйтерек» - Мысық

Р.Киплинг «Маугли» - Шерхан

М.Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - Тергеуші

Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» - режиссердің ассистенті

Сондай-ақ Абай, Шәкәрім, М.Сәрсеке, Қ.Мұхамедханов, Т.Ибрагимов және т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын нақышына келтіріп орындай білді.

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады.

2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Үміт жастар сыйлығы» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.

Елдос Шыңғысханұлы болашағынан үміт күттіретін, кәсіби шеберлігі шыңдалған, қазақтың көркем сөзін жете меңгерген үлкен сахна шебері бола алатын білікті маманның бірі. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Театр ұжымы Елдосқа үлкен сенім артады.

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК