Ахметова Сымбат Қажымұратқызы

Ахметова Сымбат Қажымұратқызы
Ахметова С.

Ахметова Сымбат Қажымұратқызы 1979 жылы желтқсан айының 6 жұлдызында Семей облысы, Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылында дүниеге келді. Ақшәулі орта мектебін бітіріп, 1998 жылы М.Төлебаев атындағы саз кооледжінің «Театр өнері» бөліміне профессор Д.Тұранқұлқызының класына қабылданды. Актер шеберлігі, сахна тілінен профессор М.С.Омарбаева, режиссер А.Айтибаев, аға оқытушы М.Алепаровлардан дәріс алып, актерлік өнерімен әншілік өнерін ұштастыра білді.

2001 жылы М.Төлебаев атындағы саз колледжді үздік бітіріп,  «Дариға-ай» жастар театрына актриса болып қабылданды.

Сымбат Қажымұратқызы сахна, театр героинясы ретінде лирикалық образдары мен лирикалық әндерімен көрермен көзайымына айналды. Өзінің ізденгіштігімен, білімімен еңбекқорлығының арқасында 2004 жылы Республикалық О.Бөкей атындағы көркемсөз шеберлері конкурсының лауреаты атанды. Актерлық шеберлігі жоғары, дауысының диапазоны кең, лирикалық сопрано, сомдаған рольдері социалдық және лирикалық героинялар.

Сомдаған рольдері:

Д.Исабеков «Әпке» - Кәмиля, Гауһар образы

М.Шаханов «Танакөз» - Нұргүл апа образыі

Ж.Б.Мольер «Сараң» - Элиза  образы

М.Хасенов «»Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Зәуреш образы

Г.Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Клементина  образы

Ш.Айтматов «Ақ кеме» - Бекей

Н.Оразалин «Аққұс туралы аңыз»- Меңсұлу образы

К.Тоқаев «Солдат кетті соғысқа» - Санитарка

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Джульеттаның анасы

Р.Киплинг «Маугли» - Ана бөрі

М.Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - мейірбике

Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» - Айна

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 

2010 жылы Театр күніне арналған, көркемдік кеңестің шешімі бойынша театр тағайындаған жылдық ең үздік актрисасы атанып «Акбар» сыйлығын жеңіп алды.

2013 жылы Бүкіләлемдік театр күніне арналған «Маска» сыйлығы «Ең үздік әйел адамның ролі» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

2014 жылы Бүкіләлемдік театр күніне орай Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мақтау грамотасымен марапатталды.

2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Жыл актрисасы» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.

Қызметте абыройлы, жауапкершілігі мол, жан-жақты ізденгіштігімен кәсіби шеберлігі жоғары екенін дәлелдей білді, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшесі.

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК