Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы

Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы
Бахтинов А.

Бахтинов Амангельды Талгатбекович 1980 жылғы 14 маусымда бұрынғы Семей облысы Көкпекті ауданы Биғаш ауылында дүниеге келген.  1998 жылдан бастап 2001 жылға дейін М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінің «Актер өнері» мамандығының «Драма актеры және көркемсөз шебері» біліктілігі бойынша оқыды.

2011 жылы Бибисары Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтын «Драмалық театрдың режиссеры» мамандығының «Режиссура» біліктілігін бітірді.

Өзінің еңбек жолын 1999 жылдан бастап «Дариға-ай» жастар театры» ЖШС театры актеры қызметінен бастады.

О.Бөкей атындағы республикалық көркем сөз шеберлері конкурсының лауреаты (2 жүлдегер), 2004 жылы Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып, дипломант атанды.

2008 жылғы ақпан айынан бастап «Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры» КМҚК директоры болып тағайындалды.

Театр сахнасында классикалық образдарынан бастап, әзіл-сықақ, сатиралық шығармаларда негізгі рольдерді жоғары кәсіби деңгейде орындап, мықты актер екендігін танытты. Актерлік шеберлігі жоғары, беделді де белсенді маман ретінде өзін таныта біледі. Сахнада сомдаған рольдерінің әрқайсысын бір-біріне ұқсамайтын көркемдік тәсілмен өріп шығарады.

 Сахнада ойнаған негізгі рольдері: Д. Исабеков «Әпке» - Тимур; М. Шаханов «Танакөз» - Мұхтар; М. Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Қасым; Г. Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Клеон; А. Айтибаев «Алаш және Қайым Мұхаметханов» - А. Байтұрсынов; К. Тоқаев «Солдат кетті соғысқа» - Коршунов; М. Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - Каширин.

Амангелді Талғатбекұлы - театр ұжымының алдында абыройлы басшы, ұйымдастырушылық  қабiлетi  жоғары,  жауапкершiлiгi мол, жастарға үлгі боларлық тұлға. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, актерлік шеберлік дәстүрін көздің қарашығындай сақтап, аянбай еңбек етіп келеді.

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК