Бейсенұлы Рауан

Бейсенұлы Рауан
Бейсенұлы Р.

Рауан Бейсенұлы 1996-1999 жылдары М.Төлебаев атындағы саз колледждің «Театр өнері» бөлімін профессор Д.Тұранқұлованың класына қабылданды. Актер шеберлігі, сахна тілі пәндерінен профессор М.С. Омарбаева, А. Айтибаев, аға оқытушы М. Алепаровадан дәріс алды.

2001 жылдан бастап «Дариға-ай» жастар театрына қабылданғаннан бастап өзінің еңбекқорлығымен, елгезек мінезімен бірден көзге түсті.

Театрдағы актерлік шеберлігі жоғары, беделді де белсенді маман ретінде өзін таныта біледі. Сахнада сомдаған рольдерінің әрқайсысын бір-біріне ұқсамайтын көркемдік тәсілмен өріп шығарады. Атап айтқанда, Р. Кунидің «№99» спекталіндегі Ричард Уиллидің бейнесін өткір кескіндеп, европалық стиль, қазіргі заманауи ағымына сай адамдардың бір-біріне деген ара-қатынасы, ашкөздік, парақорлық, нәпсі құмарлық сияқты қоғамда толып жатқан келеңсіз оқиғаларды шынайы жеткізіп, көрерменге ой салды. Ш. Айтматовтың «Ақ кеме» спектакліндегі  Оразқұл образын аса суреткерлікпен сәтті шығарды. Рауан Бейсенұлының табиғатының кеңдігі, байыпты, байсалды мінезі оның орындаушылық, ізденгіштік қасиеттерін айшықтай түседі. Тартысқа толы тағдыр талқысына бетпе-бет келген жас баланың арман қиялын ізгілікке жетелейтін сюжет, жастарға рухани азық болары сөзсіз.

Сатиралық образдарды сәтті шығарғаны үшін Республикалық «Тазша бала» байқауында лауреат атанды. Д. Исабековтың «Есепшот, түйетауық, домино» спектакліндегі Ботбай образы ерекше сатиралық сарказммен, әжуа мысқылмен шебер жасалған. 2013 жылы Әміре Қашаубаевтың 125 жылдығы қарсаңында Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен, Бүкіләлемдік театр күніне орай театр әкімшілігінің мақтау қағазымен марапатталды. 2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Ең үздік ер адам ролі» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды. 

Сахнада ойнаған негізгі рольдері:

Д. Исабеков «Есепшот, домино және түйетауық» - Ботбай;

М. Шаханов «Танакөз» - Мұрат;

Ж.Б. Мольер «Сараң» - Вальер, Ансельм;

М. Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Багратион;

Г. Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Тисоферн; К. Тоқаев «Солдат кетті соғысқа» - Власов;

Ш. Айтматов «Ақ кеме» - Оразқұл;

Р. Куни «№99» - Ричард Уилли;

У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Капулетти;

Р. Киплинг «Алаулаған қызыл гүл» - Балу;

М. Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - театр директоры, Губком өкілі, Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» - Орманшы. Сонымен қатар сатиралық әзіл-сықақтар.

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 

Р. Бейсенұлы театр ұжымының алдында абыройы жоғары, іздемпаз, жауапкершілігі мол азамат. Үнемі ізденісте жүретін, көп еңбектенетін нағыз шығармашылық тұлға, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшесі.

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК