Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы

Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы
Нұғыманов Е.

Еркебұлан Абдрахманұлы Нұғыманов 1999 жылы Семейдің М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжiнiң «Театр өнерi» бөлiмiн профессор Дариға       Тұранқұлқызы, профессор Майра Смағұлқызы Омарбаевалардың класынан үздiк   бiтiрiп  шықты.

Сол жылы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық-драма     театрына актер болып қабылданып, театр майталмандарының ортасында жас  маман    кәсiби шеберлiгiн шыңдады. 2004 жылдан бастап «Дариға-ай» жастар театрында актер болып қызмет атқарады.

Еркебұлан  Абдрахманұлының кәсiби  шеберлiгi  жоғары, диапазоны кең, iшкi, сыртқы органикасы бай, сахнадағы сөз мәдениетiн жете меңгерген  дарынды  актер  ретiнде өзiн таныта бiлдi. Сахнадағы сомдаған образдары - сан қырлы амплуадағы кейіпкерлер. Сахна өнерінің құпияларын терең меңгерген, пластикалық қабілеті жоғары, ірі классикалық тұлғалардан бастап нәзік лирикалық балғын жасты да шегіне жеткізе көркемдеген шебер сахнагерлердің бірі. Халқымыздың тілін, ділін, имандылығы мен салауатты өмір салтын уағыздайтын Пайғамбарымыздың туған айы Мәуліт мерекесіне арналған «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» атты қойылымда Қарттың образы сәтті шығып, көрерменге ой салды.

Өзінің актерлік шеберлігін шыңдай жүріп, О.Бөкей атындағы II республикалық байқауына қатысып, лауреат атанды.

Соңғы жылдары сахнада сүбелі жетістіктерін атап айтатын болсақ, Ш. Айтматовтың «Ақ кеме» спектакліндегі Шал образы, У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектакліндегі Бенволио образы жаңа қырларынан танылып, көрерменнің зор ықыласына бөленді.

2013 жылы Облыстық мәдениет басқармасының Бүкіләлемдік театр күніне арналған салтанатты жиында «Жыл актеры» номинациясы бойынша «Маска» сыйлығымен марапатталды.

2014 жылы Бүкіләлемдік театр күніне орай Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мақтау грамотасымен марапатталды.

2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Ең үздік эпизодтық ер адам ролі» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.

Сахнада ойнаған негізгі рольдері:

Д.Исабеков «Әпке» - Тимур;

Ж.Б.Мольер «Сараң» - Клеант;

М.Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Багратион;

Г.Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Тиссоферн;

К.Тоқаев «Солдат кетті соғысқа»- Мұхамед;

Ш.Айтматов «Ақ кеме» - Шал;

Р.Куни «№99» - Басқарушы;

У.Шекспир «Ромео и Джульетта» - Бенволио;

Р.Ибраева «Бәйтерек» ертегісі – Мыстан кемпір;

Р. Киплинг «Алаулаған қызыл гүл» - Акелла;

М. Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - Нарком. Сонымен қатар сатиралық әзіл-сықақтар.

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 

Еркебұлан Абрахманұлы - театр ұжымының алдында абыройлы, ұйымдастырушылық  қабiлетi  жоғары,  жауапкершiлiгi мол, жастарға үлгі боларлық тұлға. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, актерлік шеберлік дәстүрін көздің қарашығындай сақтап, аянбай еңбек етіп келеді. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК