Шәріпұлы Естай

Шәріпұлы Естай
Шәріпұлы Е.

Естай Шәріпұлы 1996 жылы М.Төлебаев атындағы Семей саз колледжінің «Театр өнері» бөліміне профессор Д.Тұранқұлқызының класына қабылданды. Негізгі мамандық бойынша профессор М.С.Омарбаева, режиссер А.Айтибаев, аға оқытушы М.А.Алепаровалардан дәріс алып, сол кездің өзінде үлкен сахнада кәсіби шеберлігін көрсетті (Ұлы Абайдың 150 жылдығы, М.Әуезовтың 100 жылдығының шығармашылық кештері).

1999 жылы «Театр өнері» бөлімінің «Театр және кино актері, көркемсөз шебері» мамандығын үздік бітіріп, Семей «Дариға-ай» жастар театрының ірге тасын қалауға аянбай еңбек етті.

Кәсіби актерлық амплуасы кең сахнада социалдық кейіпкер, лирикалық кейіпкерлерді сәтті сомдай білген, ішкі жан-дүниесі нәзік, кәсіби шеберлігі жоғары, даусының характері, диапазоны кең сахнагер. Актерлік шеберлік дәстүрін дамытып, өнерін ортаға іркілмей салатын қайратты сахна шебері. Сахна өнері жаңалықты, серпілісті ұнатады. Өзінің ізденгіштігімен, жаңашылдығымен бүгінгі сахнамыздың көркі десе де болғандай. Абай, Шәкәрімнің терең философиялық ой иірімдерінен тұратын «Қалың елім - қазағым», «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», «Алла сүйсең, адамды сүй дегендей» атты әдеби – музыкалық композиция, сахналық қойылымдарда, Тұңғыш Президент күніне арналған Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасында, Ұлы Отан соғысындағы бабаларымыздың ерлігін бүгінгі ұрпаққа паш ететін қойылымдарда өзіндік болмысымен, шығармашылық шеберлігімен көрермен жүрегіне жол тапты.

2013 жылы Облыстық мәдениет басқармасының Бүкіләлемдік театр күніне арналған салтанатты жиында «Ең үздік эпизодтық роль» номинациясы бойынша «Маска» сыйлығымен марапатталды. Әміре Қашаубаевтың 125 жылдығына арналған М. Рахимжановтың «Әміре – аяқталмаған ән» спекталінде Әміре образын үздік сомдағаны үшін Семей қалалық мәдениет бөлімінің, Астана қалалық Тілдерді дамыту  басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. 2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Акбарали Айтибаев атындағы сыйлық иегері» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.

Сахнада ойнаған негізгі рольдері:

Д.Исабеков «Әпке» - Қабен;

М.Мақатаев «Дариға журек» - Омар аға;

М.Шаханов «Танакөз» - Мұхтар;

Ж.Б.Мольер «Сараң» - Гарпогон;

М.Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Есет;

Г.Горин «Ұмытыңдар Геростратты» - Герострат;

Д.Исабеков «Есепшот, домино және түйетауық» - Сопытай;

К.Тоқаев «Солдат кетті соғысқа» - Мейірманов;

Ш.Айтматов «Ақ кеме»- Капитан;

Р.Куни «№99»- Даяшы;

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Лоренцио пірәдар;

Р. Киплинг «Алаулаған қызыл гүл» - Ата бөрі;

М. Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - Әміре, Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» - Марат Мамаевич. Сонымен қатар сатиралық әзіл-сықақтарда юморлық қырынан да әр түрлі образдарды аша білді.

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 

Естай Шәріпұлы – еңбекқорлығымен, ізденгіштігімен, жауапкершілігімен көзге түскен, абыройлы азамат. Сахнадағы сомдаған классикалық ірі тұлғалар арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК