Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы

Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы
Сыбанова Қ.

2005 жылы Семей қалалық №8–ші орта мектебін бітіріп, сол жылы М.Төлебаев атындағы саз колледждің «Хор дирижеры» мамандығына қабылданды.

2010 жылы колледжді үздік бітіріп, Семейдің “Дариға-ай” жастар театрына актриса болып қабылданды. Сахнада актерлық шеберлігін шыңдап, үлкен актерлармен тәжірибе алмасып, жан-жақты білімін жетілдіріп, жақсы актриса екенін дәлелдей білді. Қарлыға Төлегенқызы өзінің ізденгіштігімен, дарындылығымен, дауысының диапазоны кең, дикциясы таза лирикалық образдарға табиғаты жақын актриса ретінде қалыптасты. Сондай-ақ сахнадағы әр түрлі образдармен қатар поэзиялық композицияларда, мерекелік іс-шараларда, театрландырылған сахналық қойылымдарда өзінің жан-жақты дарын иесі ретінде көрермен көзайымына айналды.

Д.Исабеков «Әпке» - Кәмила

М.Хасенов «Пай, пай, жас жұбайлар-ай» - Бану, Ғазиза

Р.Куни «№99» - Леди Глэдис

М.Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - коммунист

Р.Ибраева «Бәйтерек» - Айгүл

Р.Киплинг «Маугли» - Багира

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Джульетта

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 

2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Балаларға арналған спектакльдегі жылдың шығармашылық жұмысы» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.

Театрдың репертуарындағы сахналық қойылымдарда, ертегілерде өз рольдерімен таныла бастады. Жұмысқа өте тиянақты, ізденгіш, болашағынан үлкен үміт күттіретін актрисаның бірі. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК