Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы

Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы
Тасболатов Ғ.

Ғалымбет Дулатұлы 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.

1998 жылы М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінің «Театр өнері» бөліміне профессор Дариға Тұранқұлова мен доцент М.С. Омарбаеваның класына қабылданды.

2001 жылы колледжді үздік бітіріп, Семей «Дариға-ай» жастар театрына актерлік қызметіне қабылданды.

Ғалымбет Дулатұлы студент кезінен-ақ өзінің дарынымен, музыкалық қабілетімен, сатиралық жанрда қайталанбас образдарымен көзге түсе бастады.

Театр сахнасында классикалық образдардан бастап, юмор, сатиралық шығармаларда негізгі рольдерді жоғары профессионалдық деңгейде орындап, мықты актер екенін танытты. Атап айтсақ,

Г.Гориннің «Ұмытыңдар Геростратты» - Крисип

Мольердің «Сараң» - Лафлеш

Д.Исабековтың «Қара аспан процесі» - Есқара ақсақал

М.Шахановтың «Таңакөз» - Мұрат

Р.Куни «№99» - Өлік

К.Тоқаев «Солдат кетті соғысқа» - Өзбек

М.Хасенов «Пай, пай, жас-жұбайлар-ай» - Қасым

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Князь

М.Рахимжанов «Әміре – аяқталмаған ән» - дирижер, жазушы

Р.Киплинг «Маугли» - Табаки

Р.Ибраева «Бәйтерек» - Манап

М.Мақатаевтың «Дариға жүрек» поэтикалық спектаклін сәтті орындады.

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 

2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында «Жыл актеры» номинациясы бойынша Облыстық мәдениет басқармасының дипломымен марапатталды.

Театр ұжымында өзінің еңбекқорлығымен, жан-жақты білімімен, музыкалық қабілетімен, адамгершілік қасиетімен танылып, көрерменнің сүйікті актеріне айналды. Сондай-ақ сахнадағы образдарынан бөлек қалалық мәдени іс-шараларда, поэтикалық кештерде, мемлекеттік мерекелерде әнші ретінде кеңінен танылды.

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК