Тогусов Қанат Құмарұлы

Тогусов Қанат Құмарұлы
Тогусов Қ.

Қанат Құмарұлы 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қарағандыкөл ауылында дүниеге келген.

2011 жылы Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім» мамандығына түсіп, 2013 жылы бітірді. «Дариға-ай» жастар театрына актерлік қызметіне қабылданды.

1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін Қарағандыкөл ауылының мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі қызметін атқарды. 2000-2008 жылдары арасында Семей қаласында «Евраз-шоу» ән-би театрында менеджер-музыкант болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап «Семей қаласы «Дариға-ай» жастар театры» КМҚК әртіс ретінде жұмыс істейді.

Шығармашылығына тоқталсақ, Қанат Құмарұлы өзінің дарынымен, музыкалық қабілетімен, жұмысқа деген жауапкершілігімен көзге түсе бастады.

Сондай-ақ театрдың барлық қойылымдарын жарықпен көркемдеу, музыкалық әндерді жазу жұмыстарын да кәсіби жоғары деңгейде орындайды.

Кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, профессор Дариға Тұранқұлқызы, белгілі режиссер, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, режиссер Жұлдызбек Жұманбай сынды өнер қайраткерлерінің шеберлік кластарының дәрістерін, тәжірибелік білімдерін тыңдады. 

2014 жылы Халықаралық театр күні қарсаңында Театр басшылығының мақтау грамотасымен марапатталды.

Театр ұжымында өзінің еңбекқорлығымен, жан-жақты білімімен, музыкалық қабілетімен, адамгершілік қасиетімен танылып, көрерменнің сүйікті актеріне айналды. Сондай-ақ сахнадағы образдарынан бөлек қалалық мәдени іс-шараларда, поэтикалық кештерде, мемлекеттік мерекелерде әнші ретінде кеңінен танылды.

Театр әртістері:

Алепарова Мейрамгүл Ақшабекқызы, Амантөлеуов Жанболат Фазылғалиұлы, Аптеева Назира Төлеубайқызы, Ахметова Сымбат Қажымұратқызы, Бахтинов Амангелді Талғатбекұлы, Бейсенұлы Рауан, Жадранова Айнұр Босқынбайқызы, Қасымбеков Елдос Шыңғысханұлы, Мұхамеджанова Раушан Найманбайқызы, Нұғыманов Еркебұлан Абдрахманұлы, Серікбек Арай Серікбекқызы, Серікқалиев Әділжан Серікқалиұлы, Сыбанова Қарлыға Төлегенқызы, Тасболатов Ғалымбет Дулатұлы, Тогусов Қанат Құмарұлы, Төлеубаев Дәурен Шәріпұлы, Шәріпұлы Естай

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК