Әбділденова Күләш Қалымқызы


Әбділденова Күләш Қалымқызы

Әбділденова Күләш Қалымқызы 1974 жылдан бастап Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында қызмет істеп келеді. Тұңғыш рет Ғ.Мүсіреповтың  “Қозы Көрпеш – Баян-сұлуында” – Баян, “Ақан сері - Ақтоқтыда” Ақтоқты, Т.Ахтановтың “Күшік күйеу” комедиясында басты бейне Ботаны ойнады.  Семейлік жазушы М.Сәрсекеевтің “Заңды неке” комедиясының мыңнан аса рет қойылғаны Күләштің ерекше талантының бір қыры екені баршаға мәлім. Т.Жұртбаевтың “Құнанабай” трагедиясында Ұлжан образын жасап, Жезқазған қаласында өткен Республикалық театр байқауында ерекше аталып өтілген.  К.Әбділденова сан-қырлы сахна шебері. Осы жылдар ішінде трагедиялық және комедиялық спектакльдердің барлығында басты-басты бейнелерді сомдады. Өткен жылдары Қарағанды қаласында болған театр байқауында Ш.Айтматовтың “Боранды бекет” драмасында Найман-ана бейнесін жасап, театр мамандарының ықыласына бөленіп, ең үздік Ана бейнесін жасаған артис ретінде аталып өтілгені, театр үшін үлкен мақтаныш.

Кейінгі жылдары сахнада қойылған өзбек драматургі С.Ахмадтың “Келіндер көтерілісі” комедиясындағы Күләш ойнаған Сатты бейнесі көрермендердің көңілінен шығып, артистің сан қырлы шеберлігі ерекше байқалды.

Сонымен қатар Ә.Оразбековтың “Бір түп алма ағашында” Ана, Ө.Боранбаевтың “Сотанайдың соңғы үйленуі” қойылымында Гүлшатай, Ж.Қамбаровтың “Жүрек жылуы” драмасындағы Балалар үйінің аспазы, қарапайым ана Марфуға бейнесін өте шеберлікпен ойнап, өзінің кең жүректі, мейірімді ана екенін көрсетті.

Біздің театрымыз Түркменстан, Тәжікстан, Қытай әсіресе дүниежүзілік Египет мемлекетінің астанасы  Каир қаласында өткен 14-ші Дүниежүзілік тәжірибелі театр фестивалінде Күләш Әбділденова сомдаған Ш.Айтматовтың “Боранды бекет” драмасындағы Найман-ана бейнесі ерекше аталып, Каир фестивалінің каталогіне енді.

Театр әртістері:
Сакиева Куляш Срымбетовна, Жанбырбаев Абылкасым, Имаханов Бекен, Бахтинова Шайзат Сапаргажиевна, Ногайбаев Болат Даретбаевич, Сыдыков Мырзахан Демесинович, Манекина Айжан Базартаевна, Баирова Асем Баймурзиновна, Ашимбеков Сапарбек, Муханбетова Шолпан Аскаровна, Идрисова Даметкен, Толеуханова Рыспубе Ахметкалиевна, Дарменбаева Галия Казизовна, Бекбаева Сандибала Орткалиевна, Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы, Ахметов Ерен Саменулы, Тулекова Слушаш Нукеновна, Ташимбетов Айтбек Тазабекович, Божанов Кайрат Тойгазинович, Муратханова Назым Муратхановна, Омашев Бекзат Кайркешович, Бакимбаев Думан Есембаевич, Кабышева Динара СерикказыевнаМуравьева Ольга АлександровнаЧинкебаева Нурбагила, Тоймбаева Бақыт АхметжанқызыЖуасбек Ербол Джунусова Жанна АбдулхамитовнаАсылбекова Асель СерикқызыТоктаубаев Ерик СериковичХасенов НұржанТұрайысов Тілекжан, Тулеков Бауыржан,  Әбділденова Күләш Қалымқызы 

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК