Нұрланова Әсел

Нұрланова Әсел
Нұрланова Ә.

Нұрланова Әсел Талғатқызы 2006-2009 жылдар аралығында Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Бұқаралық театрландырылған қойылымдардың режиссері» мамандығын үздік дипломға бітіріп, Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрында 2011 жылдың 20-шы қаңтарынан бастап, бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді.

Әсел бір бойына біраз өнер тоғысқан талант иесі. Жастығына қарамастан үлкен классикалық қойылымдарда үлкен бейнелерді сомдап үлгерген артист. Және тек өзіне ғана ерекше дауысы мен жүргізушілік қабілетінің жоғары екенін көрсетіп жүр. Қазір облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шаралардың көбі Әселдің қатысуынсыз өтпейді. Әсел классикалық шығармалармен бірге балаларға арналған ертегілерде де ерекше өнер көрсетіп, еркетайларға есте қалар ертегі силай біледі. Сондай-ақ, Әселдің өзі жүрген ортамен тез тіл табысып, оларды кез келген мерекелік шара ұйымдастырушылық қабілеті де, жоқ емес. Бір сөзбен айтқанда қазіргі таңдағы театрдағы басты деген бейнелерді сомдап жүрген жетекші артист. Сондай-ақ, Әсел Нұрланова Қазақстан ұлттық арнасының төл туындысы «Туған елдің түтіні» телесериялында Әсия бейнесін сомдаған.

Асел Нұрланова сомдаған рольдері:

Ғ .Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» - Баян,
Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» - Тана, 
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» -Ләйлә,
Т. Ахтанов «Күшік күйеу» - Алма,
А. Вампилов «Метранпаж» - Виктория,
А. Сапышев «Ақберен» - Даша,
Ш. Айтматов «Қош бол, Гүлсары» - Бүбіжан,
Е. Жуасбек «Үйлену» - Зерек,
Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Әйкенай,
«Жан азасы» - Махаббат
А. Сапышев «Бәйшешек іздеген қыз» Айғаным, тағы да сол сияқты басты - басты бейнелерді сомдаған. Әсел Нұрланова осы алған бетінен таймаса, әлі де талай – талай бейнелерді сомдайтынына сеніміміз зор.

Нұрланова Әсел

Нұрланова Әсел

Театр әртістері:
Сакиева Куляш Срымбетовна, Жанбырбаев Абылкасым, Имаханов Бекен, Бахтинова Шайзат Сапаргажиевна, Ногайбаев Болат Даретбаевич, Сыдыков Мырзахан Демесинович, Манекина Айжан Базартаевна, Баирова Асем Баймурзиновна, Ашимбеков Сапарбек, Муханбетова Шолпан Аскаровна, Идрисова Даметкен, Толеуханова Рыспубе Ахметкалиевна, Дарменбаева Галия Казизовна, Бекбаева Сандибала Орткалиевна, Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы, Ахметов Ерен Саменулы, Тулекова Слушаш Нукеновна, Ташимбетов Айтбек Тазабекович, Божанов Кайрат Тойгазинович, Муратханова Назым Муратхановна, Омашев Бекзат Кайркешович, Бакимбаев Думан Есембаевич, Кабышева Динара СерикказыевнаМуравьева Ольга АлександровнаЧинкебаева Нурбагила, Тоймбаева Бақыт АхметжанқызыЖуасбек Ербол Джунусова Жанна АбдулхамитовнаАсылбекова Асель СерикқызыТоктаубаев Ерик СериковичХасенов НұржанТұрайысов Тілекжан, Тулеков Бауыржан,  Әбділденова Күләш Қалымқызы 

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК