Сәкиева Күләш Сырымбетқызына


Сәкиева К.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ

Қазақстанның халық артисі Сәкиева Күләш Сырымбетқызы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында 1920 жылы 15 ақпанда дүниеге келген.

К. Сәкиева 1937 жылы Алматы мемлекеттік театр училищесіне түсіп, 1941 жылы училищені үздік бітіргеннен соң, Жамбыл облыстық музыкалы-драма театрына актриса болып орналасады. Талантты жас актриса онда Ф. Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат” пьесасында Луиза бейнесін сомдап, кейінгі өткен жылдар ішінде дарынды, ізденгіш актриса үлкен творчестволық табыстарға жетеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі лайықты бағаланып, 1945 жыл “Құрмет белгісі” орденімен марапатталып, 1947 жылы “Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі” атағы беріледі. К. Сәкиева 1952 жылғы 19 қазаннан бастап, Семейдің Абай атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрына ауысады. Сол жылдан бастап, К. Сәкиеваның творчестволық ізденісінің шырқау биігі осы театрда басталады. Ә.Тәжібаевтың “Майра” спектакліндегі Майраның ролін сомдап, қазақ халқының дарынды қызының тамаша образын жасайды. Актрисаның бұл еңбегі де бағаланып, 1958 жылы оған Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен “Қазақ ССР-інің халық артисі” деген жоғарғы атақ беріліп және екінші рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталады.

К. Сәкиева сахна төріне шыққан күннен бастап, жарты ғасырдан астам творчестволық өмірінде екі жүзге тарта рольдер сомдады. Ол әр кейіпкерлерді бейнелеуде әр қырынан көрініп, көрермендердің есінде қалатын жарқын образдар жасады. Ол атқарған рольдер: Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Ақтоқты, Майра, Любовь Яровая, Ана – Жер-ана, Жүзтайлақ және басқа да кейіпкерлер образдары қазақ сахна өнерінің төрінен лайықты орын алып, Күләш Сәкиеваның аты Қазақ Совет энциклопедиясына жазылады.

К. Сәкиева сахнаның ғана саңлағы емес, сонымен қатар асқақ дауысты әнші, әрі ән текстерін де өзі жазатын ақындық өнері бар. Оның репертуарында 60-тан астам ән бар, соның ішінде қазақтың халық әні “Ахау, арман”, “Жетісу жерім-ай”, “Ақсаусақ”, “Қосжеңгей”, “Жайна құрбым”, “Жанай бұлбұл”, т. б.

К. Сәкиева қоғам жұмыстарына да белсене араласқан адам. 1955 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланып, 1971 жылы Қазақстан Компартиясының ХІІІ съезіне делегат болып қатысқан.

25.10.1944 ж., 1955 ж., 19.12.1980 жылдары Қазақ ССР-інің Жоғарғы Советінің грамоталарымен марапатталған.

К.Сәкиева екі мәрте «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің, көптеген медальдардың иегері, Семей қаласы және Зайсан ауданының құрметті азаматы.

М. Әуезов «Қаракөз» - Мөржан образы,

С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Формон образы,

С. Тұрғынбеков «Абай - Біржан» - Ұлжан образы.

Жасы тоқсанға таяса да, Күләш Срымбетқызы сахна төрінде, өз образдарын шығарған киелі сахнада ойнап, көрерменнің қошаметіне бөленуде.

Театр әртістері:
Сакиева Куляш Срымбетовна, Жанбырбаев Абылкасым, Имаханов Бекен, Бахтинова Шайзат Сапаргажиевна, Ногайбаев Болат Даретбаевич, Сыдыков Мырзахан Демесинович, Манекина Айжан Базартаевна, Баирова Асем Баймурзиновна, Ашимбеков Сапарбек, Муханбетова Шолпан Аскаровна, Идрисова Даметкен, Толеуханова Рыспубе Ахметкалиевна, Дарменбаева Галия Казизовна, Бекбаева Сандибала Орткалиевна, Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы, Ахметов Ерен Саменулы, Тулекова Слушаш Нукеновна, Ташимбетов Айтбек Тазабекович, Божанов Кайрат Тойгазинович, Муратханова Назым Муратхановна, Омашев Бекзат Кайркешович, Бакимбаев Думан Есембаевич, Кабышева Динара СерикказыевнаМуравьева Ольга АлександровнаЧинкебаева Нурбагила, Тоймбаева Бақыт АхметжанқызыЖуасбек Ербол Джунусова Жанна АбдулхамитовнаАсылбекова Асель СерикқызыТоктаубаев Ерик СериковичХасенов НұржанТұрайысов Тілекжан, Тулеков Бауыржан,  Әбділденова Күләш Қалымқызы 

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК