Тулеков Бауыржан

Тулеков Бауыржан 1994 ші, жылдан бері театрда істеп келеді. 1995–ші жылы Жезқазғанда өткен ҮІ Республикалық театр фестиваліне қатысып,  Т.Жұртбайдың «Құнанбай » спектакліндегі Ізғұт рөлін өте үлкен шеберлікпен сомдап, көрермендердің көңілінен шықты.

1999–шы, жылы Қарағанды қаласында  өткен ҮІІ Республикалық театр фестивалінде Семейдің Абай атындағы театр ұжымы үлкен жетістіктермен көрініп, ІІ- ші орынға ие болды.

Ш. Айтыматовтың «Боранды бекет» спектакліндегі трагедиялық өте күрделі «Мәңгүрт» рөлін сомдаған Бауыржан Тулековтың үлесі зор. Республикалық Шабыт фестивалінде жеңімпаз атанды.                                                                                                            
Соңғы жылдарда театр репертуарында қойылған спектаклдердің басты рөлдерін сомдаған. Атап айтсақ Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» спектаклінде Бекболат ролі, М. Әуезовтың «Еңлік Кебек» Жапал ролі, «Айман-Шолпан» спектклінде  Жарас ролі, О. Бодықов  «Ит өлім» Мар ролі, Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» Сотанай  т.б ауқымды шығармалардың басты рөлдері.

Театрдың 70 жылдық мерекесіне орай М. Әуезовтың «Қаракөз»  пьесасын Ерсайын Төлеубай жаңартып қойғанда «Сырым» бейнесін сомдап көрерменнің ықыласына бөленді. Сонымен қатар Н. Гоголь, М.Әуезовтың  «Ревизор » комедиясында сәтті сомдап , өзінің сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі екендігін тағы бір дәлелдеді.

Б.Тулеков өзінің актерлік шеберлігі мен қатар  жалпы өнерге деген көз қарасын қалыптастырып барынша тырысуда . Оған дәлел Бауыржан Халықұлының режиссерлігі мен жарыққа шыққан  «Жарысқазан», «Махаббат қызық мол жылдар», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» спектаклдерін айтуға болады.

Міне бүгінде осындай қажырлы еңбектің арқасында Бауыржан Халықұлы театр директоры болып тағайындалды. Театр саласындағы сатылардың барлығының баспалдағын басып келе жатқан өнер майталманынан білікті басшы шығу заңдылық.

Театр әртістері:
Сакиева Куляш Срымбетовна, Жанбырбаев Абылкасым, Имаханов Бекен, Бахтинова Шайзат Сапаргажиевна, Ногайбаев Болат Даретбаевич, Сыдыков Мырзахан Демесинович, Манекина Айжан Базартаевна, Баирова Асем Баймурзиновна, Ашимбеков Сапарбек, Муханбетова Шолпан Аскаровна, Идрисова Даметкен, Толеуханова Рыспубе Ахметкалиевна, Дарменбаева Галия Казизовна, Бекбаева Сандибала Орткалиевна, Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы, Ахметов Ерен Саменулы, Тулекова Слушаш Нукеновна, Ташимбетов Айтбек Тазабекович, Божанов Кайрат Тойгазинович, Муратханова Назым Муратхановна, Омашев Бекзат Кайркешович, Бакимбаев Думан Есембаевич, Кабышева Динара СерикказыевнаМуравьева Ольга АлександровнаЧинкебаева Нурбагила, Тоймбаева Бақыт АхметжанқызыЖуасбек Ербол Джунусова Жанна АбдулхамитовнаАсылбекова Асель СерикқызыТоктаубаев Ерик СериковичХасенов НұржанТұрайысов Тілекжан, Тулеков Бауыржан,  Әбділденова Күләш Қалымқызы 

Copyright © 2008-2015
«Абай атындағы драма театры» КМҚК